Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды балалармен кездесті

Мемлекет басшысы Халықаралық балаларды қорғау күні еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарымен, оқу үздіктерімен, көпбалалы отбасылардың балаларымен, балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

"Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің жасыңда, ең бастысы, жақсы оқып, білім алу. Еліміздің лайықты азаматтары болатындарыңа сенімдімін. Сендерге бақыт тілеймін", - деді Қазақстан Президенті.

Орта сыныптың 40 оқушысы үшін "Ақорда" резиденциясында тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Олар бүкіл еліміз үшін маңызды стратегиялық шешімдер қабылданатын осынау ғажап ғимарат туралы көптеген қызықты деректермен танысты. Сонымен қатар, экскурсия барысында Елбасының тұлғалық қырына және оның тарихтағы рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети