Қазақстан Президенті қазіргі заманның әжелері туралы әзілдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті қазіргі заманның әжелері туралы әзілдеді © Тұрар Қазанғапов

Астанада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Республикалық жастары форумында Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты әзілдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Республикалық жастары форумында Нұрсұлтан Назарбаев жастар мен әжелерге қатысты әзілдеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

"Сендердің араларыңда қазірдің өзінде ақылы мен білімі Отанымызға зор пайда әкеліп жатқан балалар аз емес. Маған «қазіргі жастар бұрынғыдай емес» деген кезде: «әжелер де бұрынғыдай емес қой, шұлық тоқымайды, бәліш пісірмейді", - деп айтамын. Алайда, интернетті жақсы біледі. Әрине, бұл қалжың. Бірақ, іс жүзінде солай болып отыр", - деді Назарбаев. 

Президент бүгінгі жастар қазіргі заманға, заманауи өмірге сай келетіндігін атап өтті.

"Уақыт өте жылдам өтеді. Біз өте жылдам өзгереміз. Есіме ұлы Рим императоры Аврелияның мына бір сөзі түсіп отыр. Ол: "10 мың жыл өмірің бардай өмір сүрме. Өмір қысқа, тірі кезіңде, мүмкіншілігің барда жақсы болуға тырыс", - дейді. Жақсы сөз", - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, Форумға еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт салаларының 1000-нан астас белсенді жастары қатысуда. Елбасы жастарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети