Қазақстан Президенті Рузвельтпен және Дэн Сяопинмен салыстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Рузвельтпен және Дэн Сяопинмен салыстырылды Гүлшара Әбдіқалықова. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауына үндеу жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауына үндеу жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік хатшының БАҚ-та таралған хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдау арнап, өзінің стратегиялық көрегенділігін тағы да байқатқанын жазған. Әбдіқалықованың айтуынша, ол алдымызда ірі сынақтар күтіп тұрғанын, әлемдік архитектониканың айтарлықтай өзгеретінін болжап біліп отыр.

Қауіптерді жою мақсатында Мемлекет басшысы Жаңа экономикалық саясат ұсынды, бұл саясат бізге қазіргі ресурстарды, механизмдер мен мүмкіндіктерді мобилизациялауға мүмкіндік береді, - деп жазады Мемлекеттік хатшы. 

"Бұл шешімді АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельттің "Жаңа бағыт" атты сындарлы саясатымен, көрнекті рефоматор Дэн Сяопинжүзееге асырған түбегейлі өзгерістерімен бір қатарға қояр едім. Біріншісінде, Америка Ұлы дағдарыстан шықты. Екіншісінде, Қытай әлемнің Екінші экономикасына айналды", - деді ол.

Мемлекеттік хатшы Жолдауда әлеуметтік салаға ерекше мән берілгенін атап өтті. "Президент бізге болашақтың жарқын, анық әрі ашық жолын көрсетті", - деп мәлімдеді ол.

Ол Назарбаевтың Жолдауында адамдарға жасалып отырған қамқорлықтың, өмір сүру сапасының жоғарылауын, қазақстандықтардың жалпы әл-ауқаты нығаюының негізгі орын алғанын жазады. Әбдіқалықова жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлердің даму жағдайын да ерекше атып өтті. "Ол Қазақстанның болашағына - бүгінде елдің төрттен бір бөлігі болатын жастарға қамқорлық көрсетуге арналған", - деп жазады ол. Сонымен қатар, мұның әлемде теңдесі жоқ мемлекеттік шешім екендігін айтып, қорытындылады. 

"Нұрлы жол" Қазақстанға "Экономикалық Мариана шұңғымасы" делініп жүрген дағдарысты жеңіп шығуға мүмкіндік береді", - дейді Мемлекеттік хатшы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети