Қазақстан Президенті жанынан "жасыл экономикаға" көшу бойынша кеңес құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті жанынан "жасыл экономикаға" көшу бойынша кеңес құрылды

Қазақстан Президенті жанынан "жасыл экономикаға" көшу бойынша кеңес құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті жанынан "жасыл экономикаға" көшу бойынша кеңес құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу бойынша Тұжырымдамасының жүзеге асуын қадағалап, баға беру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті жанынан "жасыл экономикаға" көшу бойынша кеңес құруға қаулы етемін" - делінген Елбасы қарарында.

Кеңес кеңесуші-талқылаушы орган болады. Оның басты міндеттері: Тұжырымдаманың басты ережелерін жүзеге асыру үшін ұсыныстар әзірлеу, оны жүзеге асырудың стратегиясы мен тактикасын, әдістері мен тетіктерін айқындау, "жасыл экономикаға" көшудегі аса маңызды мәселелердің шешімінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бір-бірімен тиімді әрекеттесуін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау, Тұжырымдаманы жүзеге асыру бағыттарын, кезеңдерін, амалдары мен тетіктерін талқылауға қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-ты тарту және т.б.

Кеңестің жұмысшы органы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети