ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 28 сәуір 2015 10:36
Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімі 29 сәуірде өтеді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі 29 сәуірде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Орталық сайлау комиссиясы 26 сәуірде өткен кезектен тыс сайлауда жеңіске жеткен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант беру рәсімін 2015 жылдың 29 сәуіріне белгілеуді қаулы етті", - деді ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов қаулыны оқи отырып.
Қаулы бірауыздан қабылданды.
Еске сала кетейік, 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандықтардың 95 пайызы сайлауда дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаушылардың 97,7 пайызы дауыс берді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу