Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жол көлігімен әкелуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жол көлігімен әкелуге тыйым салды © РИА Новости

Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жол көлігімен әкелуге бір айға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ресейден дизель отынын темір жол көлігімен әкелуге бір айға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген түрде "Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойылды. № 287 Бұйрықтың 1 тармағы: "Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына дизель отынын темір жол көлігімен әкелуге 2015 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейден жанармай тасымалдауға тыйым салудан Қазақстанда жанармай тапшылығы болмайды деп хабарланған болатын. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг" бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров мәлімдеген еді. Оның айтуынша, тыйым салынғалы бері 45 күнге жуық уақыт өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстан зауыттары мен мұнай базаларында шамамен екі айға жететін жанармай мен дизель отыны қорының бар екенін хабарлады. Бұған дейін қазақстандық кейбір сарапшылар Ресейден жанар-жағармай тасымалдауға биыл 5 наурызда енгізілген тыйымның салдарынан Қазақстанда жанамай тапшылығы болып, бензин мен дизель отынының бағасы көтеріледі деп мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети