"Қазақстан" РТРК" АҚ делегациясы Қытай Орталық Телевизиясының президентімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" РТРК" АҚ делегациясы Қытай Орталық Телевизиясының президентімен кездесті

2017 жылдың 15 мамырында "Қазақстан" РТРК" АҚ-ның делегациясы Қытай Халық Республикасында іс-сапарда болып, Қытай Орталық Телевизиясының (CCTV) президенті Ние Чжэнсимен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында бірлескен жобалар өндірісі және корпорациялар арасындағы тәжірибе алмасу бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ССТВ-7, ССТВ-8 және ССТВ-12 телеарналарының жетекшілерімен кездесіп, тараптар арасында бірлесіп телехикаялар, деректі фильмдер және жобалар өндіру бойынша келісім орнады. Бұдан бөлек, сол телеарналардың продюсерлері және режиссерлерімен шығармашылық бірлестіктер арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Ал 17 мамырда "Қазақстан" РТРК" АҚ делегациясы Чанша қаласында орналасқан "Hunan TV" телерадикорпорациясына барды. Бұл кездесуде Hunan TV президенті Лю Хуанбинь "Қазақстан" РТРК" АҚ-мен ынтымақтастықты орнатуға үлкен қызығушылық білдірді. Келіссөздер жүргізіліп, тараптар болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлескен телеөнімдер мен көркем фильмдер өндірісі бойынша уағдаласты.

Айта кетейік, Қытай Орталық Телевизиясы (CCTV) қызметін 1958 жылдың 2 қыркүйегінде Бейжің қаласында бастады. Ал Hunan TV 1997 жылдың қаңтарында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін Қытайдағы ең көп қаралатын спутниктік арналар қатарында екінші орында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети