Қазақстан "шейх Халилді" экстрадициялауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан "шейх Халилді" экстрадициялауы мүмкін © Tengrinews.kz

Қазақстан Сауд Арабиясынан "шейх Халил" деген атпен танымал болған Әбдухалил Әбдужаппаровты экстрадицияламақшы, - деп хабарлайды "Фергана.Ру" ақпараттық агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сауд Арабиясынан "шейх Халил" деген атпен танымал болған Әбдухалил Әбдужаппаровты экстрадицияламақшы, - деп хабарлайды "Фергана.Ру" ақпараттық агенттігі.

Басылымның мәліметінше, Астана Әбдужаппаровты Қазақстанда, әсіресе елдің батысында рұқсат етілмеген дінді таратты деп айыптап отыр.

"Бейресми мәліметтерге сүйенсек, "шейх Халил" Мединеде Қазақстанның тағы бес азаматымен бірге 2015 жылдың 20 желтоқсанында ұсталыпты. Олардың нақты не себеппен қамауға алынғаны белгісіз. Дегенмен Қазақстан ҰҚК жақын күндері Әбдужаппаровтың туыстарына хабарласып, оны жақын арада елге қайтаратындарын хабарлаған. Сонымен қатар, олар туыстарынан Әбдужаппаровқа қатысты "уаххабизмді насихаттады" деген куәлік берулерін сұрапты", - делінген басылымда.

Агенттік өкілдері Әбдужаппаровтың "қазақстандық жастардың арасында танымал" болғанын айтады.


Әбдухалил Әбдужаппаров ("шейх Халил"). © fergananews.com

Әбдухалил Әбдужаппаров 1975 жылы ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. Ислам дінін облыстағы мешіттердің бірінен оқыпты. 1999 жылы Исламбадтағы университеттердің бірін бітіреді. Қазақстанға оралғаннан кейін ол Шымкенттегі Қазақ-Кувейт университетінде сабақ берген. 

Кейін Атырауда, одан соң Орал қаласына көшеді. Сол өңірлерде ол сәләфит идеяларын насихаттаумен айналысқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети