Қазақстан СІМ Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан СІМ Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады © Reuters

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кабулдағы дипломатиялық ауданда болған террористік əрекетке байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан 2018 жылғы 28 қаңтарда Қабыл қаласындағы дипломатиялық орамында орын алған адамгершілікке жатпайтын, нәтижесінде ондаған бейбіт адамдар қаза болған, террористік әрекетті қатаң айыптайды. Жедел жәрдем көлігін қылмыстық мақсатқа пайдалану - аса жан түршігерлік, арсыз және зұлымдық əрекет", - делінген хабарламада.

"Қазақстан Ауғанстан халқы жеткілікті түрде зорлық-зомбылықты басынан кешкенін мәлімдей отырып, халықаралық қоғамдастықты өңірлік ынтымақтастықты кеңейту мен алдын алу дипломатиясы құралдарын тиімді пайдалану арқылы осы елге қолдау көрсетуге тағы да шақырады.

Қайтыс болғандардың отбасылары мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз", - делінген құжатта.

Айта кетейік, жарылыс сенбі күні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, жарылыстан қаза тапқандардың саны 103 адамға жетті, тағы 235 адам жарақаттанған. Бұл жарылысты "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети