Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек беру мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

"Дағдарыстың ушығуын ескере отырып, қазіргі кезде біз расымен Қызыл Крестің Халықаралық комитетімен, Біріккен ұлттар ұйымы мен Ресей Федерациясымен Сирияға қосымша көмек беру мәселесін талқылап жатырмыз", - деді ол, редакцияның сұрағына жауап бере отырып.

Әнуар Жайнақов Қазақстанның сириялық дағдарыстың ары қарайғы өршіп кету қаупіне алаңдаушылық білдіріп, көп қасірет шегіп отырған Сирия халқына көңіл білдіретіндігін айта кетті. "Біздің ел сириялық босқындарға гуманитарлық көмек беріп отыр және осы елдегі қақтығыстарды тезірек бейбіт жолмен шешілуін қолдайды. Біз 2012 жылы Ливан мен Иорданиядағы сириялық босқындарға Ислам ынтымақтастық ұйымы желісі бойынша әр елге 200 мың доллар көлемінде көмек бергеніміз белгілі", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, былтырғы жылы Астанада өткен Сирия бойынша келлісөздердің екінші кезеңінің нәтижесінде Қазақстан дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізуге және Түркия-Сирия шегарасында шоғырланған сириялық босқындардың орналасуына 300 мың доллар көлемінде қоымша көмек көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети