Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік сурет таңдалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік сурет таңдалды © Ақорда

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен" атты фотобайқаудың нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тәуелсіздік қазақстандықтардың көзімен" атты фотобайқаудың нәтижесі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Ұзаққа созылған пікірталас пен талқылаудан соң жүлделі орындар санын ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.

Бірінші орын мен басты жүлде бір миллион теңгені қызылордалық Рамиль Магдеев алды.

Екінші орынды "Невада-Семей" антиядролық қозғалысына қатысушылардың қарсылық акциясы" атты жұмысы үшін Шүкір Шахрай (Астана) және "Барлығы баласындай бір атаның" атты фотосуреті үшін шымкенттік Мақсат Шағырбаев иеленді. Екінші орын иегерлеріне фотоаппарат беріледі.


Мақсат Шағырбаев


Шүкір Шахрай

Үшінші орынды астаналық Салават Нұрғожаев ("Бәйтерек - Астана символы" жұмысы үшін), Ксения Леонова ("Жеңіс күні" жұмысы үшін) және петропавлдық Талғат Таныбаев ("Жұмаш Ғабдуллин" жұмысы үшін) бөлісті. Оларға планшет берілетін болды.


Ксения Леонова


Нұрғожаев Салават


Талғат Таныбаев

"Президенттің Баспасөз қызметі атынан конкурсқа қатысушылардың бәріне белсенділіктері мен басты байлығымыз бен құндылығымыз - тәуелсіздікке деген қазақстандықтардың көзқарасы көрініс тапқан керемет туындылары үшін алғыс білдіреміз!", - делінген хабарламада.

Еске салайық, фотобайқаудың қазылар алқасы құрамына Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, Баян Есентаева және Аружан Саин кірген болатын. Қазылар алқасының мүшелері таңдау жасау барысында ең алдымен тақырыптың ашылу деңгейіне, суреттердің мазмұнына назар аударды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети