Қазақстан үкіметінде дағдарысқа қарсы жоспар таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметінде дағдарысқа қарсы жоспар таныстырылды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан үкіметінде дағдарысқа қарсы жоспар таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinеws.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан үкіметінде дағдарысқа қарсы жоспар таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinеws.kz тілшісі.

Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды ҚР Ұлттық банкі мен үкімет бірге әзірлеген. Онда 10 жылға арналған нысаналы индикаторлар және 5 бағыт бойынша 39 іс-шара қамтылған. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтып берді.

Ол дағдарысқа қарсы жоспардың екі бөлімнен тұратынын айтты. Біріншісі - 5 негізгі бағыт аясында жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру. Екіншісі - экономиканың өсуін және оған несие беруді ынталандыру бойынша жедел шаралар.

Дағдарысқа қарсы жоспардың негізгі бағыттарына мыналар кірді: бірінші - қаржы секторын тұрақтандыру, екінші - бюджет саясатын оңтайландыру. Үшінші бағыт - экономикалық бәсекелестікті ынталандыру және жекешелендіру. Төртінші бағыт - жаңа инвестициялық саясаттың негіздері. Бесінші бағыт - әлеуметтік жаңа саясат.

Ерболат Досаевтың айтуынша, жедел шаралардың негізгі бағыттары экономиканың шынайы секторына қолдау көрсету; "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында негізгі инфрақұрылымдық жобаларды белсенді түрде жүзеге асыру; шағын және орта бизнесті дамыту; халыққа арналған тұрғын үйге қолжетімділік дейгейін арттыру; АӨК жобаларын іске асыру; ИИДМБ индустриалды жобаларын іске асыру; халықты жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік тұрақтылық кіреді.

Ерболат Досаев үкімет басшысынан осы жоспарды қабылдауды сұрады. "Қазақстан үкіметі мен Ұлттық банк бірлесіп жасаған 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын мақұлдауыңызды сұраймын", - деді ұлттық экономика министрі Досаев үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети