Қазақстан Украинадағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Украинадағы ахуалды бейбіт түрде реттеуге шақырды ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. ©Марат Әбілов

Қазақстан барлық қатысушы тарапты Украинадағы ахуалды реттеуде күш қолдану амалдарынан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазақстан Украинадағы ахуалдың дамуына байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Шиеленістің одан арғы эскалациясы аймақтық ауқымда да, ғаламдық ауқымда да адам айтқысыз салдарларға соқтыруы мүмкін. Қазақстан барлық қатысушы тарапты жағдайды реттеуде күш амалдарынан бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер жолымен шешу мақсатында саяси шараларды көбірек қолға алуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сүйенуі керек", - деді Үсенов. ҚР Сыртқы істер министрлігі барлық мүдделі тарапты жағдайды таразылап барып, объективті түрде және жауапкершілікті сезіне отырып бағалауға және украин дағдарысының одан әрі ушығуына әсер ететін әрекеттерден аулақ болуға шақырады. "Қазақстан ахуалдың жылдам қалыпқа келетініне, барлық саяси күштердің бейбіт диалогы болатынына және қоғамдық тәртіптің реттелетініне үміт артады", - деп атап өтті ресми өкіл. Еске салайық, 1 наурыз күні Ресейдің Федерация кеңесі Владимир Путиннің Украинаға елде қоғамдық-саяси ахуал қалыпқа келгенше әскер кіргізу туралы бастамасын бірауыздан мақұлдаған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Украина парламенті Ресей Президентін бұл әрекеттен бас тартуға шақырды. Әлемдік қауымдастықтың өзге де өкілдері саяси дағдарысты бейбіт жолмен шешуді ұсынып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети