Қазақстан Украинадағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Украинадағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді ©twitter/poroshenko

ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайдың ушығуына байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаңдаушылығымызды білдіреміз. Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты жағдайды реттеуде бейбіт келіссөздерден басқа жол жоқ екеніне кәміл сенімдіміз. Тараптарды қақтығысты жағдайды барлық қатысушылар өз мойындарына алған міндеттерді орындауға, соның ішінде Минск келісімдерінде көзделген міндеттерге негізделген бейбіт жолмен шешуге шақырамыз", - делінген мәлімдеме. 

Қазақстан украин дағдарысын реттеу мақсатында тараптарға қолайлы кез келген форматта және кез келген уақытта келіссөздер өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын. Еске сала кетейік, 24 қаңтар күні Украинаның Мариуполь қаласында жаудырылған оқтан 30 адам қаза тапқан болатын. ЕҚЫҰ миссияларының мәліметінше, оқ ДХР жасақтарының бақылауындағы аумақтардан атылған. Украина тарапы оқиғаға халық жасақтарын кінәлайды, ДХР өкілдері, керісінше, бәрін украин күш құрылымдарынан көріп отыр. Украина президенті Петр Порошенко 26 қаңтар күні Мариупольді террористердің атқылағанын дәлелдейтін толық есепті жария етуге уәде берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети