Қазақстан визасыз режимді 10 елге бір жылға береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан визасыз режимді 10 елге бір жылға береді Фото aviasovet.ru сайтынан алынды

Қазақстан 10 елдің азаматтарына 2014 жылы шілденің 15-інен 2015 жылы шілденің 15-іне дейін визасыз кіріп шығуына рұқсат бергелі отыр. Бұл туралы Қр Сыртқы істер вице-министрі Рәпіл Жошыбаев еліміздегі елшілер мен консулдармен арада болған кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біздің ел тарапынан қабылданған бұл шешімге сәйкес біржақты визасыз режимді АҚШ, Нидерланд, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Бірікккен Араб Әмірлігі, Корея мен Жапония елінің іскер топ өкілдері пайдалана алады. Осы елдердің азаматтары белгіленген мерзім аралығында дипломатиялық, қызметтік және жеке куәліктерімен жүріп-ақ еліміздің аумағына бірнеше мәрте кіріп-шыға алады.

"Визасыз режимді қолдану мерзімі алдағы жылдары өзгертілуі де мүмкін. Одан шыққан қорытындыға сәйкес бұл тәртіпті одан әрі қолдана береміз бе, жоқ әлде уақытша тоқтатамыз ба оны жобаның қорытындысы көрсететін болады", - деді Жошыбаев.

Еске саламыз, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда өткен шетел инвесторлары кеңесі отырысында елімізде 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим енгізілетінін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети