Қазақстан халал-туризм бойынша рейтингте 16-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халал-туризм бойынша рейтингте 16-орын алды © REUTERS

Қазақстан 2016 жылы мұсылман саяхатшылар үшін көз тартатын және ыңғайлы елдердің рейтингінде 16-орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CrescentRating зерттеу орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан 2016 жылы мұсылман саяхатшылар үшін көз тартатын және ыңғайлы елдердің рейтингінде 16-орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі CrescentRating зерттеу орталығына сілтеме жасап.

Зерттеу агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Иран мен Мысырдың ортасында орналасты. Бұл ТМД елдері ішінде үздік көрсеткіш, ал тағы бір ыңғайлы ел саналатын Әзірбайжан рейтингте 23-орынды місе тұтты. Рейтингте 130 ел бар. Бірінші орынды Малайзия сақтап қалды, ал Біріккен Араб Әмірліктері екінші орынға көтеріліп, өткен жылғы көрсеткішін жақсартты. Үштікті Түркия қорытындылады.

Үздік он елдің қатарына Индонезия, Катар, Сауд Арабиясы, Оман, Сингапур, Марокко және Иордания кірді. Әдеттегідей бірінші ондыққа Ислам ынтымақтастығы ұйымына кіретін елдер кірді. 

Рейтингте қатысушы елдерде мұсылмандардың отбасымен демалуға қолайлылық жағдайы есепке алынды. Сонымен қатар, қызмет сапасы мен сервис мүмкіндіктері, оның ішінде халал өнімге деген қолжетімділік есептелді. Талаптардың ішінде туристерді орналастыру жағдайлары мен маркетинг бағдарламалары да бар. Ал осы жылы мамандар әуе хабарламалары мен виза шектеулерін де есепке алыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети