Қазақстан ХҚКО базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан ХҚКО базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталығының базасында "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру кезінде инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов ХҚКО базасындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай провайдері республикадағы мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру жолымен құрылатынын айтты: "жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "жылжымайтын мүлік орталығы", "мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы".

Оның айтуынша, "канадалық тәжірибеге сүйеніп, алғашқы кезеңде жер қатынастары, жылжымайтын мүлік, әлеуметтік және зейнетақы төлемі саласындағы мемлекеттік маңызды қызметтерді көрсету ұсынылды".

"Иә, қайта құрылымдау болады. Төрт ұйым бар болған, олар "Үкімет азаматтар үшін" корпорациясына бірігеді", - деді Сәрсенов тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып. Сонымен қатар, ол ХҚКО атауы қолданылмайтынын айтты.

"ХҚКО фронт-кеңседе ғана қызмет көрсетеді, яғни өтініштер қабылдап, нәтижесін береді. Әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясын құру тек өтініш қабылдап қана қоймай, оларды өңдеу жұмыстарын жүргізуге де мүмкіндік береді", - деді ол.

Яғни, заң жобасында мыналар қарастырылған: "Жер кадастрының ғылыми, өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық кәсіпорындары "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясына біріктіру; мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтерді оптимизациялау.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері болатын "Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Алайда ҚР премьер-министрінің сайтында бұл мемлекеттік корпорацияның атауын "Азаматтарға арналған үкімет" деп келтірген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети