Қазақстан жанармай экспорттауды бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жанармай экспорттауды бастайды

Қазақстан жанармай экспорттауды бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, - деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жанармай экспорттауды бастайды. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, - деп хабарлайды "Хабар24" телеарнасы.

Министрдің айтуынша, жаз басталғалы дизель отыны біршама арзандап, литрі 191 теңгеге саудаланып отыр. 

"Осы айдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ арқылы бензин экспортына жол ашылды. Жақын күндері қазақстандық жанармайдың алғашқы партиясын алыс шетелге жіберу жоспарланып отыр", - деді министр.

Сондай-ақ, Бозымбаев қазіргі уақытта шетелдік контрагенттермен қазақстандық бензинді жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып жатқанын айтты.

"Шетелге шығарылатын АИ-92 маркалы бензин 60-70 мың тонна болса, АИ-95-тің көлемі бастапқыда 10-15 мың тонна шамасында болады деп күтіледі. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестеріміз - Беларусь пен Қырғызстан, олар қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға мүдделі. Бірақ біз реэкспорттың мүмкін емес екенін ескеріп, нақты талаптарымызды қойдық. Себебі бүгінде одақ аясында жеткізілетін тауарларға баж салығы салынбайды", - деді энергетика министрі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети