Қазақстан жастарының жасы өзгертілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жастарының жасы өзгертілмейді Назарбаев Университеті студенттері. ©Даниал Оқасов

Мәжіліс Депутаты Серікбай Нұрғисаев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтен жастардың жас шамасын ұзарту туралы ойын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс Депутаты Серікбай Нұрғисаев ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтен жастардың жас шамасын ұзарту туралы ойын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аталған талаптарға байланысты жастардың жас ерекшеліктері мәселесі қаралмады ма? Қазір магистратура, PhD, шетелде білім алу бар, ал отбасын құру кейінге қалады. Бағдарламалардың түрі көп. Бұрын жастар дегеніміз 14 пен 29 жас аралығындағылар болған, заң жобасына сәйкес ұзартылмайды ма (Мемлекеттік жастар саясаты - Автор еск.)?", - деп сұрады Нұрғисаев.

Өз кезегінде Сәрінжіпов заң жобасында бекітілген нормалардың бар екенін, оған сәйкес жастар 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар екенін мәлімдеді. "Халықаралық және жеке тәжірибеге сүйене отырып, біз 29 жасқа дейінгілерді "жастар" санатына қосуды дұрыс деп есептейміз. Одан жоғары жастағылар - жағдайын жасап үлгерген тұлға, білім қоры бар азаматтар. Сондықтан бұл жіктеу - біздіңше дұрыс. Біз 14 пен 29 жасты өзгеріссіз қалдырамыз деп шештік", - деп жауап берді ол.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жастардың жас шамасы 30-ға дейін ұзартылуы мүмкін екені хабарланған болатын.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети