Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс істейді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс істейді, оған мемлекеттік төрт кәсіпорын біріктіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" жұмыс істейді, оған мемлекеттік төрт кәсіпорын біріктіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Үкіметінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы қаулысы 2016 жылдың 1 наурызында күшіне енеді.

Мемлекеттік корпорацияға "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" және "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" кіреді.

"Корпорация біріктіріліп отырған кәсіпорындар қаражатынан қаржыландырылады. Республикалық бюджеттен қосымша қаражат алынбайды", - деді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті өкілдері.

Қазақстандықтар осылайша таңғы сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, үзіліссіз қызмет ала алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети