Қазақстанда 17 тікұшақты пайдалану және екі әуекомпанияның қызметі уақытша тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 17 тікұшақты пайдалану және екі әуекомпанияның қызметі уақытша тоқтатылды

Азаматтық авиация комитеті шұғыл түрде 17 ұшақты пайдалануды және шағын авиацияның 2 әуе компаниясының қызметін уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомстводағылардың Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтема жасап. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, азаматтық авиация комитеті ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп, шағын авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен, 1 қазанда өткен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мәселелері бойынша бірлескен кеңес отырысында 17 ұшақты (14 Ан-2 және 3 Tecnam) пайдалану және "Азия Континенталь Авиалайнс" пен "КАЗАВИА" Тәуелсіз әуе компаниясы" ЖШС-нің авиациялық жұмыстарды атқару куәлігін пайдалануға шектеу қойылды.

"Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік кодексінің бірінші бөлімінің 570-бабы бойынша авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін пайдаланушы лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ұшу және техникалық жұмыстарды сапасыз ұйымдастырғаны үшін әуе компанияның 16 лауазымды тұлғасына тәртіптік шара қабылданды. ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігін бұзуға төзбеу қағидасы бойынша ұшу қауіпсіздігін арттыру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети