Қазақстанда 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2017 жылы 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған © sadsha.ru

Қазақстанда 2017 жылы 26 бала өлтіріліп, 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2017 жылы 26 бала өлтіріліп, 136 бала өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың өзінде елімізде 26 бала өлтірілген. Біз суицид салдарынан жыл сайын балаларды жоғалтып отырмыз. 2013 жылы 200 бала өз-өзіне қол салған, ал 2017 жылы олардың саны 136 болды. Иә, азайып жатыр, бірақ біздің мұны қуанып айтуымыз жөн емес деп санаймын. 136 бала суициді - бұл біздің балаларымыздың өмірі. Біз нені дұрыс жасамай жатырмыз? Мемлекет жүргізіп жатқан шаралар неге нәтиже бермейді? Неге бейбіт және соғыссыз өмір сүріп жатқан заманда балалар өлімі көбейіп жатыр?", - деді Бәлиева депутаттарға Мәжілістің кеңейтілген отырысы барысында.

Оның айтуынша, балалар өздерінің жақындарының арасында жүріп, ауруханаларда, мектептерде, аулаларда - мемлекет, отбасы, қоғам бар жерде көз жұмып жатыр.

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бүкіл әлемдегідей көлеңкеде қалып қоя береді, себебі ол жайлы көбі ашық түрде мәлімдей алмайды. Ал Қазақстан бұл жайлы ашық айтады, барлық шараны қолданып жатыр. (...) Мысалы, 2015 жылы Норвегияда жол бойында немесе ауруханаларда бірде-бір бала қайтыс болған жоқ, бірде-бір бала зорлық көрген жоқ", - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети