Қазақстанда 240-тан астам діни сайтты жабуға ұсыныс берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 240-тан астам діни сайтты жабуға ұсыныс берілді ©yaware.com.ua

Қазақстанда діни мазмұндағы 244 сайтты жабуға ұсыныс берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда діни мазмұндағы 244 сайтты жабуға ұсыныс берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинге сілтеме жасап. 

"Бүгінде біз Интернет-кеңістіктегі діни мазмұндағы деструктив ақпараттары бар сайттарды анықтауға мониторинг жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда, 2014 жылы біздің комитеттің өзі діни мазмұндағы 8000-нан астам сайтқа талдау жүргізді. 244 сайт бойынша тиісті сараптама жасалды, соның негізінде оларға Қазақстан аумағында тыйым салу үшін материалдар тиісті органдарға жолданды", - деп мәлімдеді Шойкин ОКҚ-нің діни сауаттылық тақырыбындағы брифингінде.

Оның айтуынша, 100-ден астам бейнематериалға талдау жасалды, сараптама нәтижесінде оларға теріс баға берілді, бұл материалдарды да Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынды. 

Бұған дейін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин радикал мазмұндағы сайттарға тыйым салудың дұрыс екенін айтқан болатын. Ал Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко Қазақстанда экстремистік және террористік сипаттағы материалдарды таратудың жолын кесуге мүмкіндік беретін жеке норма бар екенін мәлімдеді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети