Қазақстанда 25 адам рақымшылықпен босап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 25 адам рақымшылықпен босап шықты © newsbel.by

Қазақстанда 25 адам рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 25 адам рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңға қол қойғаннан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен пробация қызметтерінде материалдарды сотқа жіберу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. 24 қаңтарда сотқа сегіз мыңнан аса материал жіберілді", - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер.

Сондай-ақ, сотқа қамауда отырғандарды босатуға қатысты 2 мыңнан аса материал келіп түскен және бостандықтан айыру туралы шешімдер айыппұлға ауыстырылған. Қалған алты мыңнан аса материал пробация қызметіндегілерден келген.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау туралы заңға жария түрде қол қойған болатын. "Рақымшылық 28 мыңға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл - ел Тәуелсіздігінің мерейтойы қарсаңындағы маңызды адамгершілік акциясы", - деді Елбасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети