Қазақстанда 45 адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 45 адам қар құрсауынан құтқарылды ТЖМ баспасөз қызметі©

Қазақстанда бір тәулікте 45 адам күртік қардан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Ақтөбе облысы Ноғайты ауылының "Ақтөбе-Астрахан" тас жолында ішінде 40 жолаушысы бар 30 автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Құтқарушылар қарға тығылып қалған көліктерді шығарды, зардап шеккендер жоқ. Алматы облысында да қар құрсауынан бір автокөлік шығарылды. Ал Қостанай облысындағы "Мазурова" өзенінен бес балықшы мен бір көлік құтқарылды. Абырой болғанда мұнда да зардап шеккендер болған жоқ. Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы облысында ішінде ауыр науқасы бар жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған болатын. Бұл оқиға 1-қаңтар күні болған. Құтқарушылар жедел жәрдем көлігін қар құрсауынан алып шығып, оларды Сарқанд қаласына дейін шығарып салған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети