Қазақстанда әкімшілік ұстау мерзімін 24 сағатқа дейін ұзарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда әкімшілік ұстау мерзімін 24 сағатқа дейін ұзарту ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

Бас прокурор Жақып Асанов әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокурор Жақып Асанов әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізде бір өзгерту бар - әкімшілік ұстау мерзімін үш сағаттан 24 сағатқа дейін ұзарту. Осы уақытта құқық бұзушы есін жиып, ашу тарқайды да өз әрекетіне дұрыс баға бере алады. Үш сағатта мұндай болмайды", - дейді Асанов ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиясының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне арналған кеңейтілген отырысында. 

Бас прокуратура ішкі істер органдары берген қорғау тұжырымдарын сақтамағандарды 10 тәулікке қамауға рұқсат бермек.

"Қорғау тұжырымдары бар. Мұны білеміз. Оны бұзған кезде көбіне ескерту айтылады. Бұл ескертулерді ешкім лайықты қабылдамайды. Сондықтан ескерту орнына 10 тәулікке қамау керек деп есептейміз", - дейді ол. 

Асанов бұл өзгертулерді Бас прокуратура Парламент қарауына жолдайтынын айта кетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети