Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады © litavherdi.blogspot.com

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 5-7 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың бірқатар облысында жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған антициклон демалыс және мереке күндері бұзылады және солтүстік-шығыс Шығыс Сібірге ауысады. Оның орнына батыстан және оңтүстіктен атмосфералық фронттар келеді.

"Қазақстанның барлығына дерлік аумағында найзағайлы өткінші жаңбыр күтіледі, найзағай кезінде екпінді желдің жылдамдығы секундына 13-20 метрге жетеді. Дегенмен, жаңбырға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан 3-6 градусқа жоғары болады, ал оңтүстікте күндізгі температура 25-35 градусқа жетеді", - деп хабарлады метеорологтар.

Айта кетейік, қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. 1 мамырда - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамырда - Отан қорғаушылар күні және 9 мамырда Жеңіс күні. Жеңіс мерейтойы осы жылы демалыс күніне түседі, сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9, 10 күндерден бөлек, 11 күні - дүйсенбі демалыс саналады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети