Қазақстанда алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз құны кезең-кезеңмен көтеріледі деп күтіліп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алкоголь мен темекі өнімдеріне акциз құны кезең-кезеңмен көтеріледі деп күтіліп отыр © finance.obozrevatel.com/

Қазақстанда алкоголь мен шылымға акциздердің біртіндеп көтерілуі күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісте ҚР "ҚР Салық салу және әкімшіліктендіру мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда алкоголь мен шылымға акциздердің біртіндеп көтерілуі күтіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәжілісте ҚР "ҚР Салық салу және әкімшіліктендіру мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы ұсынылды.

Заң жобасын ұсына отырып, ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев алкоголь мен темекі өнімдеріне акциздер қызметінің фискалдығын арттыру мақсатында акциздер бағасын біртіндеп көтеру ұсынылды.

"2017 жылдың акциз ставкаларын 2018 және 2019 жылдарға біртіндеп көтере отырып орнату ұсынылуда. Алкогольді өнімге 2017 жылы 1 литрге екі мың теңгеден 2019 жылы 2 550 теңгеге дейін,  2016 жылмен салыстырғанда 85 пайызға көтеріледі. Сыра мен сыралы сусындар 2017 жылы 1 литріне 39 теңгеден 2019 жылы 57 теңгеге дейін, сонда 2016 жылмен салыстырғанда өсім 219 пайызды құрайды. Темекі өнімдеріне 2017 жылы мың данасына - 6 200 теңге 2019 жылға дейін 8 700 теңге, 2016 жылмен салыстырғанда өсім 74 пайыз болады", - деп мәлімдеді Қуандық Бишімбаев.

Қосарлама салық төлеуден қашу және алкогольді өнімдерді экспорттауда отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттіліктін артыру мақсатында, денатуратты емес этил спиртіне акцизге нөлдік ставка қою ұсынылуда.

Ұлттық экономика министрінің сөзінше, осы тектес салықтан босату Ресей мен Беларусьте бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети