Қазақстанда аптаның соңына дейін жауын-шашын болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда аптаның соңына дейін жауын-шашын болмайды

Барлық облыстарда аптаның соңына дейін жауын-шашын болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Барлық облыстарда аптаның соңына дейін жауын-шашын болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Мамырдың 15-і мен 17-і аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек 16-17 мамырда еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында және 17 мамырда батыс өңірінде аздаған жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді", - деді синоптиктер.

Батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда ауа температурасы 28-36 градусқа дейін, қалған аймақтарда 28-33 градусқа дейін көтеріледі. Ал 17 мамырда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып ауа температурасы 20-28 градус жылылықты көрсетеді.

Бұған дейін хабарланғанындай, Астанада апта соңына дейін ыстық болады. Бейсенбі күні ала бұлтты болғанымен жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, ал күндіз 25-27 градусқа дейін жылы болады.

  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети