Қазақстанда арнайы операция кезінде 33 адам ұсталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда арнайы операция кезінде 33 адам ұсталды - ҰҚК

Қазақстанда арнайы операция кезінде 33 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда арнайы операция кезінде 33 адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Ат-Такфир уаль-Хиджра" діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша  21 желтоқсанда басталған арнайы операцияны аяқтады. 

"Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

"Ат-Такфир уаль-Хиджра" жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалыпты.

Сонымен қатар, бүгінде алынған айғақтар жиынтығы бойынша "Ат-Такфир уаль-Хиджра" ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне - ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылған.

Мұнымен бірге, 8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады.

"Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған.
Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Еске салайық, 21 желтоқсанда ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында еліміздің аумағындағы "Ат-Такфир уәл-Хиджра" діни-экстремистік ұйымын залалсыздандыру мақсатында арнайы операцияны бастаған болатын. Діни араздықтықты тудырды деген күдікпен елімізде тыйым салынған ұйымның 16 адамы ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жеткізілген.

"Бұл қылмыстық ұйымның мүшелерінің "Әл-Каиданың", ДАИШ-тың және басқа да террористік топтардың идеологиясын ұстанатыны белгілі", - делінген ҰҚК өкілдерінің хабарламасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети