Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің жұмыс күні қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің жұмыс күні қысқарды ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінде жаңа жұмыс режимі енгізілді, енді әскерилер үшін бір айдағы екі жұма қысқа күн болып белгіленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы үшін жұмыс аптасын ұйымдастырудың жаңа принципі енгізілді. Енді Әскери-теңіз күштерінде бір айда екі жұма күні қысқа жұмыс күні болып есептеледі", - делінген хабарламада. 

"Отбасы күні" аталған бұл күндер америкалық әскерилердің тәжірибесінен алынды. Айына екі рет жұма күндері (әр айдың бірінші және үшінші жұмасы) әскери қызметшілер командирдің рұқсатымен жеке мәселелерін шешу үшін жұмыстан сағат 15.00-ден кейін кете алады. 

Айта кету керек, Әскери-теңіз күштерінде 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін алтыкүндік болып келген жұмыс аптасы былтыр бескүндікке ауыстырылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети