Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар аталды © Николай Колесников

Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауасы ең қатты ластанған қалалар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылар Энергетика министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып, осы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалаларының ауасы ең қатты ластанған қалалар тізіміне кіргенін хабарлайды. Ал Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған, Семей қалалары ластанудың жоғары деңгейіндегі қалалары екені анықталды. Ластанудың төменгі деңгейіндегі қалалар: Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Павлодар.

"2019 жылдың үш айының қорытындысы бойынша, қоршаған ортаны қорғауға 33,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15,6 есеге көп. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында инвестицияның көлемі 2,1 миллиард теңге ғана болған", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Мамандардың сөзіне қарағанда, экологиялық қауіпсіздік мақсатында Атырау облысына 23,4 миллиард теңге, Ақмола облысына 5 миллиард теңге, ал Қарағанды облысына 3,3 миллиард теңге бөлінген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети