Қазақстанда автокөлік қобдишасындағы дәрі түрлері заңдастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автокөлік қобдишасындағы дәрі түрлері заңдастырылды ©tengrinews.kz

Қазақстанда автокөліктерде болатын қобдишадағы дәрі-дәрмектердің түрлері заңдастырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автокөліктерде болатын қобдишадағы дәрі-дәрмектердің түрлері заңдастырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен хабарлады.

 "Жол жүру туралы" заңды жүзеге асыру барысында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылы шілденің 2-і күні № 368 "Автокөлік қобдишасындағы алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі-дәрмектердің түрлерін мақұлдау жөніндегі" бұйрығы жетілдіріліп, мақұлданды. Бұйрық 2014 жылы тамыздың 17-і күні күшіне енді. Бұған дейін қобдишадағы дәрі-дәрмектердің түрлері белгіленбеген болатын", - деді комитет сарапшысы Рауан Өтеев.

Министрдің бұйрығына сәйкес, қазақстандық әрбір автокөлік жүргізушісінде мынадай дәрі-дәрмек түрлері болуы керек: бір қорапша валидол (таблетка 0,06), орауға арналған емдеу құралдары, бір құты мүсәтір спирті, ыстық түсіретін және ауруды басатын дәрі түрлері, ацетилсалицил қышқылы, кеторолак, парацетамол,  хлоропирамин, валериана, сульфацетамид 20-пайызды (көзге тамызатын), спиртті йод, хлоргексидин, жасыл спиртті сұйықтық, пероксид сұйықтығы (перекис), стерильді бинт (екі дана), стерильді майлық, медициналық мақта, қанды тоқтататын резеңке, лейкопластырь (бес дана), медициналық лейкопластырь, екі дана медициналық стерильді қолғап пен медициналық қайшы болуы тиіс. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети