Қазақстанда азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді ©Тұрар Қазанғапов

Республиканың барлық өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз қымбаттамауы үшін атқарушы органдар бағаны тұрақтандырудың кешенді шараларын қолға алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев өткізген селекторлық кеңесте мәлім болды.

Ұлттық экономика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп бағаны үнемі бақылап отырады, қазір өңірлерде азық-түлік тауарларының бағаларын қалыптастырумен айналысатын тұрақтандыру қорлары жұмыс істеп жатыр. Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтергендер, нарық субъектілерімен бағаға қатысты келіскендер, отандық тауар өндірушілердің сауда нысандарына шығуға шектеу қойғандар анықталса, оларға қазіргі заңнама шеңберінде жаза қолданылады. Аймақтық кеңесте айтылған мәлімдемелер бойынша, қазір азық-түлік тауарларының бағасын бақылау механизмі құрылып, сәтті іске асты.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұдан бөлек аймақтық кеңесте жылыту маусымы мен Жаңа жылда қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты мәселелерр де талқыланды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, республика бойынша халықты электр және жылу жүйесімен қамтамасыз ету қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр. 

Айта кетейік, селекторлық кеңеске министрліктер мен мекеме басшылары, облыс әкімдіктері мен Астана және Алматы қаласы әкімдіктерінің басшылары қатысты. Кеңестің соңында оларға Бақытжан Сағынтаев бірнеше тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети