Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды © pixabay.com

Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Парламенттің төменгі палатасының депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балаларына қатыгездік танытқан ата-аналардың жазасын қатаңдату ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай ұсынысты Парламенттің төменгі палатасының депутаты Әбдіманап Бектұрғанов айтты.

Депутаттың балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі жайлы сауалы премьер-министрге жолданды.

"Интернетте адамдардың кішкентай балаларды мектептерде, балабақшаларда, отбасында және қоғамдық жерлерде ұрып-соғып жатқаны түсірілген видеожазбалар жарияланып жатыр. Осыдан балаларға қысым көрсетіліп жатады. Осындай жағымсыз насихаттаудың салдарынан соңғы кездері ересектердің балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары көбейіп барады. 11 жастағы Өркен Азаматұлының өз өгей шешесінің қолынан қаза болғанын ойласақ, барлығымыз қорқып кетеміз", - деді Әбдіманап Бектұрғанов.

Осылайша, депутат осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс айтты. "Қазіргі заңнамада әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық жасағандардың жауапкершілік тартылатыны көрсетілген. Бірақ онда балаларға жасалған зорлыққа қатысты жауапкершілік мәселесі толықтай қарастырылмаған. Осыған байланысты ата-аналардың жауапкершілігін қатаңдату мәселесін қарау керек деп ойлаймын", - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, мұғалімдер, сынып жетекшілер, психологтар және құқық қорғау органдарының өкілдері сабақ уақытынан тыс жерде ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды қарап жүруі керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети