Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ - Бозымбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ - Бозымбаев © Alau.kz

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі жанармай қоры ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жететінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев елдегі жанармай қоры ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жететінін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"АИ-92 маркалы бензині мен дизель отыны бағасына реттеуден бас тарту шешімін өз уақытында қабылдау арқасында жанармай тапшылығының қаупі ең төменгі деңгейде. Сонымен қатар, АИ-92 бензинінің бағасы биылғы қыркүйекте былтырғы жылмен салыстырғанда 3-4 теңгеге қымбаттады. Жанармай қоры ішкі сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті деңгейде. Дизель отыны бағасын мемлекет тарапынан ұстап тұрудан бас тарту дизель отынының сыртқа кетуіне жол бермей, оны импорттауға мүмкіндік берді. Дизель отынымыз көршілес елдердің барлығымен салыстырғанда арзан", - деп мәлімдеді министр ҚР Мәжілісінде өткен үкімет сағаты барысында.

Оның айтуынша, 11 қараша күні елдің мұнай базаларында 101,9 мың тонна бензин мен 10 мың тонна дизель отыны болды. 

Мұның алдында Астанада "ҚазМунайГаз" жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинді қолма-қол сату тоқтатылғаны хабарланған. Ең өтімді бензин маркасын шектеулі түрде сату тағы бірқатар жанармай бекеттерінде байқалады. Астана әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, бензинді тұтыну температураның тым төмендеп кетуіне байланысты артқан, қазіргі кезде "ҚазМунайГаз" АҚ мен қаланың жанармай бекеттерінде АИ-92 бензинін жеткізу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети