Қазақстанда бір тәулікте 250-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір тәулікте 250-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды ©emer.gov.kz

Қазақстанда бір тәулікте 250-ден астам көлік жолаушылары қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі еліміздің ТЖМ сілтеме жасап. Ақмола облысының "Державинск-Арқалық" тас жолында он жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Онда 26 адам, бір сәби болған. Құтқарушылар көлікті сүйреп, елдімекенге дейін шығарып салған. "Баршино-Қорғалжын" трассасында да қар құрсауында қалып қойған бес жеңіл автокөлік (оның ішінде 20 адам) қауіпсіз жерге көшірілді. "Астана-Қоянды" автожолында ішінде 18 жолаушысы бар жеті автокөлік құтқарылды. "Макинск-Степногорск" тас жолында бір автобус, төрт жеңіл автокөлік және екі жүк көлігі (26 адам) қар құрсауында қалып қойған. Қостанай облысының "Жезқазған-Петропавловск" тас жолында 11 жеңіл автокөлік пен екі жүк көлігі қар құрсауынан құтқарылған. Онда 30 адам болған. "Арқалық-Торғай" тас жолында құтқарушылар 15 жеңіл автокөлік, 13 жүк көлігі және екі автобусты (85 адам) қар құрсауынан шығарған. "Қостанай-Қарабұтақ" автожолында 34 жеңіл автокөлік (оның ішінде 57 адам) қар құрсауынан құтқарылған. Зардап шеккендер жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети