Қазақстанда боран соғады

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда күшті боран соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Кәсіпорын сайтында Қазақстанда ұзақ уақыт суық және жауын-шашынсыз ауа райын қлыптастырған антициклонның бұзылып, Сібірге қарай жылжитыны туралы жарияланды. Оның орнына республика аумағына тек жылу емес, жауын-шашынды да әкелетін оңтүстік циклон шығады. 

"Батыс, солтүстік және орталық облыстарда циклонның әсерінен қар жауып, боран соғады. Сонымен қатар, оңтүстік-батыс бағытындағы жел күшейіп, оның жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын, тұман мен мұзтайғақ болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, ақпан айына арналған ауа райы болжамы бұған дейін жарияланған болатын. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама