Қазақстанда бұрғылау және мұнай өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бұрғылау және мұнай өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылмақ Қашаған мұнай-газ кен орны. ©REUTERS

Таяуда Қазақстанда бұрғылау және мұнай өндіру ғылыми-зерттеу институты құрылатын болды, деп хабарлайды, Tengrinews.kz "ҚазМұнайГаз" компаниясының басшысы Сауат Мыңбаевтың сөзіне сүйене отырып. "Қазақстанда бұрғылау және мұнай өндіру ғылыми-зерттеу институтын құрудағы мақсат "ҚазМұнайГаз" компаниясының барлау және өндіру технологиялық орталығын құру. "ҚазМұнайГаз" компаниясы мұнай өндіретін кен орындарының технологиясына қатысты барлау, бұрғылау, өндіру жұмыстарын жобалау құжаттары осы орталықта жасалмақ. Сондай-ақ құжаттарды тек жинақтап қана қоймай, осы жерде жүзеге асыруды қолға аламыз", деді С.Мыңбаев. Оның айтуынша, Ақтау, Атырау қалаларындағы екі институт та осы жаңа ғылыми зерттеу институтының қарамағына кіреді. Мұнай өндіру аймақтарында жаңа технологияларды енгізу, бақылау, авторлық қадағалау жұмыстарын бас институтпен бірлесіп атқарады. "Өкінішіке орай, қазіргі таңда бір институт жоба жасайды, келесісі оны толықтырады, тағы біреуі авторлық қадағалау жасайды. Жағдай бұлай болмауға тиіс. Әр институт өзіне тиісті жұмысты атқаруы керек", – деді Мыңбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети