Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттаған - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттаған - зерттеу © Тұрар Қазанғапов

Energyprom.kz агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттардың қаншалықты қымбаттағанын анықтап көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Energyprom.kz агенттігінің сарапшылары Қазақстандағы дәрі-дәрмектер мен фармацевтикалық препараттардың қаншалықты қымбаттағанын анықтап көрді.

2018 жылдың бірінші жартысындағы көрсеткіштерге қарағанда фармацевтикалық өнімдер бірден 2 пайыщға қымбаттаған. Ал былтырғы жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға қымбаттаған екен.

Сарапшылардың мәліметінше, гормоналдық препараттардың бағасы қымбаттаған - бірден 20,5 пайызға. Сондай-ақ, бір жылда анальгетиктердің 12,7 пайызға және асқазандық дәрі-дәрмектердің 9,1 пайызға қымбаттағаны айтылады.



Сонымен қатар, дәрі-дәрмек бағасы айтарлықтай қымбаттаған өңірлер анықталды. "Алматы облысы бірден 14 пайызға, Маңғыстау облысында 11,9 пайызға және Атырау облысында 10,9 пайызға қымбаттаған. Ал ШҚО-да керісінше, тек 0,9 пайызға қымбаттаған", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети