Қазақстанда ескі көліктерге берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ескі көліктерге берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылды

Қазақстанда ескі көліктерге берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengeinews.kz тілшісі "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ескі көліктерге берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengeinews.kz тілшісі "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017 жылдың 16 тамызынан бастап тозығы жеткен көлік құралдарын тапсырғандарға берілетін ақшалай өтемақы уақытша тоқтатылғандығын жеткіземіз. Бұған, ҚР энергетика Министрлігінің 2017 жылға бөлген квота саны мерзімінен бұрын игеріліп отырғандығы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта "ӨКМ Операторы" ЖШС ҚР энергетика Министрлігіне ескі көліктердің құнын өтеу Бағдарламасы бойынша қосымша квота бөлу жөнінде сұрау-хат жолдады. Көлік тапсырушылар үшін қажетті ақпараттар "ӨКМ Операторының" auto.recycle.kz⁠⁠⁠⁠ ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланатын болады", - делінген ресми сайтта. 

Еске салайық, жаңа көлікті сатып алуға жеңілдік беретін сертификат бағдарламасы Қазақстанда белсенді жұмыс істеп тұр. Бағдарлама аясында жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін өткізіп, 315 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейінгі жеңілдік сертификатын алуға болады. Толық ақпаратты auto.recycle.kz сайтынан немесе Сall Center 8 800 080 0865 білуге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети