Қазақстанда кепілсіз несие бойынша айыппұл мен өсімпұлдарды өтеу аяқталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кепілсіз несие бойынша айыппұл мен өсімпұлдарды өтеу аяқталды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтардың кепілсіз несие бойынша айыппұлы мен өсімпұлдары өтелді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың кепілсіз несие бойынша айыппұлы мен өсімпұлдары өтелді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық банк пен Үкімет банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші, халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдардың кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін несиесін өтеу. Тізімдегі берешек туралы ақпарат жинау бойынша жұмыс жүргізілді, төлем тізімі жасалды", - деді Досаев Үкіметте.

Қаржы реттеушісінің басшысы қарызды өтеу биыл тамыздың соңына дейін жүргізілетінін атап өтті. Досаев тұрғындарға банктер мен микроқаржы ұйымдарына жүгіну қажет емес екенін айтты, берешекті өтеу бойынша жұмысты кредит беруші дербес жүргізеді, кейін олар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

"Екінші, 2019 жылдың 1 шілдесіне есептелген барлық қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару. 30 шілдеге қарай банктер мен микроқаржы ұйымдары кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша айыппұл мен өсімпұлды кешірді", - деп толықтырды Досаев.

Бұған дейін 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз несиелер бойынша өсімпұлы мен айыппұлы кешірілетіні хабарланған. Олар банк есебінен жүреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети