Қазақстанда киіктерге спутниктік қарғы бау тағылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда киіктерге спутниктік қарғы бау тағылады © mgov.kz

Қазақстанда 25 киікке спутниктік қарғы баулар тағылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 25 киікке спутниктік қарғы баулар тағылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне сілтеме жасап.

"25 киікке спутниктік таратқыштар орнату жоспарланған. Бұл олардың қайда жүргенін, қайда көшкенін көріп отыруға мүмкіндік береді және осы жануарларды қорғауға мүмкіндік мол болмақ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылдың 18 сәуірінен бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау Ассоциациясымен және "Қазавиақұтқару" АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізген еді. Кейін жануарлардың жаппай қырылу себебі деп пастереллез аталған. Бірақ себебін анықтау жұмыстарына ОАР-дан мамандардың зерттейтіні хабарланды.

Еске сала кетейік, киіктердің саны жаппай қырылуға дейін 300 мың басқа жететін. Өткен жылы қырылған киіктердің саны 134 мыңға жеткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети