Қазақстанда көлік пен пәтер салығын бір күнде төлеу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік пен пәтер салығын бір күнде төлеу ұсынылды © Tengrinews.kz

Оқырмандар Tengrinews.kz порталындағы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевпен өткен интернет-конференцияда жеке тұлғалар үшін жер, мүлік және көлік салығын бір уақытта төлеу мүмкіндігі бар-жоғын сұрады.

Ведомство басшысы Марат Сұлтанғазиев жер және мүлік салығы бойынша төлем мерзімі бір - есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанына дейін кешіктірмей төлеу керектігін еске салды. Ал көлік құралдары салығы бойынша төлеу мерзімі - 31 желтоқсанына дейін. 

"Яғни төлеу мерзімін біріктіру көлік құралдарына салынатын салық түсімдерін бір жылға ауыстыруға тура келеді. Сонымен қатар, осы салықтар мен көлік құралдарына салынатын салық бойынша төлеу мерзімін біріктіру мәселесін Ұлттық экономика министрлігі салық саясатын анықтайтын орган ретінде қарастырып жатыр", - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети