Қазақстанда көлік тұрағы үшін ақы төлеуден жалтарғандарға айыппұл салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік тұрағы үшін ақы төлеуден жалтарғандарға айыппұл салу ұсынылды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда көлік тұрағы үшін ақы төлеуден жалтарғандарға айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда көлік тұрағы үшін ақы төлеуден жалтарғандарға айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Сенатының депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабына мынадай толықтыру енгізуді ұсынып отыр: "Арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталған, көліктердің тұрған уақытына қарай ақы төлеуге арналған орындарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың және облыстық жергілікті атқарушы органдарының белгілеген тұрақтары үшін ақы төлеуден жалтарғандарға - үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу" (1 АЕК - 1982 теңге). Бір жылдың ішінде осы тәртіпті қайта бұзғандар үшін айыппұлдың көлемін 5 АЕК-ке дейін көтеру ұсынылды.

Мұндай түзету ҚР табиғи монополиялар және реттелмелі нарық мәселелі бойынша заң жобасының салыстырмалы кестесінде қарастырылған. Бұл заң жобасын сенаторлар бүгін жоғарғы палатаның кеңейтілген отырысы барасында қарап шығып, түзетілген құжатты Парламент Мәжілісіне қайтарды.

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің қорытындысына сәйкес, мұндай шараны қолға алу арқылы көлік тұрағының бірыңғай жүйесін тиімді етуге болады және бюджетке әкімшілік жазалаудан түскен қаржы кіріс әкеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети