Қазақстанда мектеп оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мектеп оқушылары үшін бес күндік оқу аптасы енгізілуі мүмкін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мектептегі оқу аптасын бескүндікке ауыстыру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мектептегі оқу аптасын бескүндікке ауыстыру мәселесі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылардың айтуынша, бес күндік оқу аптасы жазғы каникулды қысқарту есебінен енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі бес күндік оқу аптасына көшу туралы мәселені расында да қарап жатыр. Егер ол үшін жазғы каникулды қысқарту қажет болса, онда ең көбі екі апта болуы мүмкін. Қазіргі таңда Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сарапшылары бұл мәселені зерттеп жатыр, олар есептеп, бес күндік оқу аптасына көшудің тиімділігі бойынша болжамды айтады", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Әлібек Шоқпаров.

Оның айтуынша, бұл мәселені зерттегеннен кейін оң нәтиже шықса, білім берудің мемлекеттік стандартына өзгерістер енгізіледі.

"Осы жылдың соңына дейін олар алдын ала қорытындыны береді деп ойлаймыз, біз оны зерттейміз. Егер бес күндік оқу аптасына көшу туралы шешім қабылданса, ол белгілі бір уақытты талап етеді, себебі қазіргі жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына өзгерістер енгізу керек болады", - деді Шоқпаров.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірінші сынып оқушыларын бес күндік оқу аптасына көшіру жоспарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети