Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары қалай өзгерді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары қалай өзгерді? © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 2012 жылдан 2016 жылға дейін мұғалімдердің жалақысының орташа көлемі 67 900 теңгеден 99 100 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында айтылады.

"Мұғалім мамандығына деген сұраныс жалақы мөлшеріне қарай анықталатынын жақсы түсінеміз. Біздің министрлік педагогтар кірісін көтеруге барынша тырысып келеді. Әрине, мұғалімнің жалақысына оның білім санаты, жұмыс өтілі, оқу жүктемесі секілді жәйттер да әсер ететіні сөзсіз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше,  2012-2016 жылдар аралығында мұғалімдер 45,9 пайызға артық ақы ала бастады. Жалақының өсу қарқынына тоқталар болсақ, 2012 жыл мен 2015 жыл аралығында қазақстандық педагогтардың айлығы 2-7 пайызға, ал 2016 жылы 31,8 пайызға артты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети