Қазақстанда парламент сайлауы аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда парламент сайлауы аяқталды © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда парламент сайлауы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының ғимаратынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда парламент сайлауы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының ғимаратынан.

ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов сайлау учаскелерінің жабылып, дауыс санын санаудың басталғанын жариялады.

"Қазіргі уақытта ел өңірлерінде Парламент Мәжілісінің және Қазақстан республикасының мәслихаттарының депутаттарын сайлау аяқталды. Қазіргі уақытта учаскелік сайлау комиссияларының өкілдері дауысты санауға көшті. "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" конституциялық заңының 43-бабының 3-пунктіне сәйкес, ол әр саяси партия бойынша, әр кандидат бойынша бөлек өтіп жатыр. Дауыс санау уақыты санау басталғаннан кейін 12 сағаттан аспауы керек. Батыс өңірлерінде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру қазір ғана аяқталды", - деп хабарлады Мелдешов. 

Ол шет елдерде орналасқан сайлау учаскелерінде дауыс берудің әзірше аяқталмағанын атап өтті. "65 сайлау учаскесіндегі 47 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жайлы алдын ала мәліметті 22.30-да ұсынуды жоспарлап отырмыз", - деді ОСК хатшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети