Қазақстанда паспортты бір күнде 24 223 теңгеге алуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда паспортты бір күнде 24 223 теңгеге алуға болады © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан азаматтары паспорт пен жеке куәлікті бір күнде жеделдетілген тәртіпте ала алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматтары паспорт пен жеке куәлікті бір күнде жеделдетілген тәртіпте ала алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің қаулысымен "Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы" заңға өзгертулер енгізілді.

"Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігі Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жеделдетілген тәртіпте - бір күн ішінде, облыс орталықтарында үш жұмыс күніне дейін, ал аудандар облыстарда жеті жұмыс күніне дейін беріледі, - делінген құжатта.

Сондай-ақ, құжаттарды жеделдетілген тәртіппен алу үшін төлемді банк мекемелері арқылы немесе кассалық операциялармен айналысатын басқа ұйымдарда жасауға болатыны айтылады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта паспорт үшін мемлекеттік баж 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде - 19 240 теңге. Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары құжатты жеделдетілген тәртіппен дайындаған кезде 4 983 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Осылайша, құжатты жедел түрде 24 223 теңгеге алуға болады. Оған қосымша банк комиссиясын төлеу керек.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети