Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялаудың халықаралық тәжірибесі қолданылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялаудың халықаралық тәжірибесі қолданылуы мүмкін © Pakt.pl

Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен кастрациялаудың халықаралық тәжірибесі қолданылуы мүмкін. Бұл туралы тілшілерге берген жауабында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрілігінің Медициналық көмек көрсету ұйымы департаментінің директорының орынбасары Айгүл Тастанова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Химиялық жолмен кастрациялау мәселесіне келетін болсақ, бұл мәселенің күрделі екенін және оның терең әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететінін айта аламыз. Қазіргі уақытта, қолымызда бар мәліметке сәйкес, бұл мәселені пысықтаудың және терең сараптаудың қажет екенін айтамыз. Осыған байланысты өзіміздің осы істерді жүзеге асыру мақсатында жасап жатқан іс-шаралар жоспарында химиялық кастрациялаудың халықаралық тәжірибесін зерттеп, сараптау қажеттілігі жайында пункт бар", - деді Астанадағы брифинг кезінде Тастанова.

Оның айтуынша, химиялық кастрациялау кейбір елдерде қолданылады, ал кейбір елдерде конституциялық саналмағандықтан, зақым келтіретіндіктен және адамның абыройын түсіретіндіктен алып тасталған. "Сондықтан біржақты пікір болмағандықтан, біз қазіргі уақытта бұл мәселені зерттеу деңгейіндеміз", - деді ол.

Сонымен қатар, Айгүл Тастанова Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Бас прокуратура аясында жұмыс тобы құрылған. Бұл жұмыс тобы балаларға қатысты зорлықтың алдын алу мәселесін қарастырады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети